Трамп Путинмен Хельсинкидегі кездесудің басты тақырыптарын атады

0
45
Трамп Air Force One авиалайнерінің бортында журналистердің сауалына жауап қайыруда

Дональд Трамп Владимир Путинмен АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің мүмкін араласуын талқылайды. Бұл туралы Ақ үй басшысы Reuters агенттігіне 29 маусымда Нью-Джерсиге аттанып бара жатқан тұсында Air Force One президент лайнерінің бортында хабарлады.

16 шілде Хельсинкиде өтетін саммиттің басты тақырыптарының бірі сондай-ақ Сирия мен Украинадағы жағдай болмақ. «Мен онымен барлық тақырыпта сөйлесемін», – дейді Трамп.

Бұған дейін Путиннің көмекшісі Ю. Ушаков келіссөздер барысында Трамп пен Путин халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді сондай-ақ, Сирия дағдарысын талқылайтындарын алға тартты.

Хельсинки саммиті Ресей мен АҚШ-тың алғашқы кездесуі болмақ. Бұған дейін Путин мен Трамп тек халықаралық форумдар аясында ғана кездескен еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз