Роботтан Астанаға баға

0
120
робот-гиноид София

Бүгін Астанада Жібек жолы елдері мэрлері форумы мәресіне жетті. Таңертең Астана әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Дегенмен, форумдағы басты фигурант жасанды интеллектке ие робот-гиноид – София.

Форум барысында сөйлеген робот София Астанаға қатысты пікірін іркімеді. «Қалада серуендеп жүріп, сіздердің елордаларыңыздағы керемет сәулет үлгілеріне тәнті болдым, қалада ХХІ ғасырдың алдыңғы қатардағы қала салу өнерінің әдістері қолданылған», – деген София дамыған, бәсекеге қабілетті қалағаны көргендігін атап өтті. Роботтың айтуынша, Астанада технологияның дамуына баса назар аударылады. Өз сөзінде София Астанада IT саласында қолға алынып жатқан жобаларды да атап өтті. «Smart Astana «ақылды қала» жобасы жүзеге асуда. Бұдан өзге сіздер мектеп зертханаларында, технопарктерде қала тұрғындары технологиялық алға өрлеулер жасау үшін STEM зертханалар ашып жатырсыздар. Менің мұндай қайта келуге себеп туындайтынына сенімдімін», – деді София.

 

Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз