Шет ел басшылары Назарбаевты туған күнімен құттықтауда

0
85

Шет ел басшылары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай құттықтау хаттарын жолдады.


Моңғолия президенті Халтамаагийн Баттулга өзінің құттықтауында Моңғолия мен Қазақстанның дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қосқанын атап көрсете келе, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті алаңында өткізілген екіжақты кездесудің нəтижелерін оң бағалайтынын айтқан.

Халтамаагийн Баттулга Моңғолия президенті: Мен Сіздің сауда-экономикалық ынтымақтастықты əрі қарай дамыту үшін бізде үлкен мүм кіндіктер бар деген пікіріңізбен келісемін. Біз алдағы кезде де ауыл шаруашылығы жəне өңдеу өнер кəсібі саласында белсенді өзара іс-қимыл танытуға дайынбыз. Сізге зор денсаулық, ал достас Қазақстан халқына өсіп-өркендеу тілеймін!


Аспан асты елінің Төрағасы Си Цзиньпин Елбасын туылған күнімен құттықтай отырып, Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасының Төрағасы: Қазақстан мен Қытай – тату көршілер жəне көпқырлы стратегиялық серіктестер. Мен Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуын жоғары бағалаймын жəне Сізбен бірлесе отырып, өзара қолдауды əрі қарай нығайтуға, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, екі ел халықтарының игілігі үшін жұмыс істеуге дайынмын.


Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев: Өзін толықтай халқына қызмет етуге арнаған, елінің болашағы мен əр азаматтың тағдыры үшін алғаусыз алаңдайтын Сіздің шын мəніндегі адами жəне іскер қасиеттеріңіздің, əділетті де талап қойғыш басшының талантының арқасында Сіз тек Қазақстан мен біздің өңірде ғана емес, сондай-ақ одан шалғай жерлерде де орынды құрмет пен жоғары беделге ие болдыңыз.

назарбаев


Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон: Тəжікстанда біздің халықтарымыздың арасында тарихи қалыптасқан достық пен құрмет үдерістері үздіксіз дамуына Сіздің қосып келе жатқан жеке үлесіңізді жоғары бағалайды. Біз жақында болып өткен Астанадағы келіссөзіміз бен кездесуіміз барысында көпқырлы тəжік-қазақ ынтымақтастығын жаңа маңызды уағдаластықтармен нығайттық. Олардың дəйектілікпен жүзеге асырылуы біздің елдеріміздің стратегиялық серіктестігін жанжақты бекемдеудің факторы болатынына сенімдімін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз