Әзірбайжан астанасындағы Гейдар Алиев орталығында елорданың 20-жылдығына арналған «Астана – ұлы Дала жауһары» атты фотокөрме өтті.
«Астана – ұлы Дала жауһары» фотокөрмесі бүгінге дейін Мәскеу, Мадрид, Санкт- Петербург, Гаага, Бухарест, Астрахань қалаларында болып үлгерді. Алдағы уақытта Лондон, Париж, Берлин және Бейжің қалаларында болмақ. Бірінші болып фотокөрмені Әзірбайжанның белгілі мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық корпус, мәдениет қайраткерлері және журналистер тамашалай алды. Құрметті қонақтардың ішінде Әзірбайжан Парламентінің депутаттары, Венециялық Комиссияның Президенті Джанни Букиккио және Әзірбайжанның Конституциялық сотының Төрағасы Фархад Абдуллаев бастаған Еуропа және ТМД елдерінің Конституциялық сотттарының басшылары болды.
Мәдени іс-шара барысында келген қонақтарға Астананың 20-жылдығына және «Бурабай» ұлттық мемлекеттік табиғи бағына арналған «A Day in Burabay» атты фотальбомдары тарту етілді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов: 2018 – бұл Қазақстан үшін ерекше жыл. Бүгін біздің елордамыз өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Біз үшін бұл оқиғаның тарихи маңызы зор. Бүгінде Астананы қазақ даласының жауҺары деп атауға болады. Астана тәуелсіздіктің, жаңа шексіз мүмкіндіктердің, батыл идеялар мен қазақ халқының үмітінің көрінісі болып табылады. 20 жыл бұрын Қазақстан Президенті қабылдаған тарихи шешім бүкіл мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне жаңа серпін берді.