Франция құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісі Францияда бірқатар тәртіп бұзушылықтар тудырды.
РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, жергілікті Parisien басылымы Париждің Елисей алаңында тәртіп бұзушылық орын алғандығын хабарлайды. Жанкүйерлер витриналарды бұзып, көрнекіліктерді сындырған, бөтелкелер лақтырған. Жергілікті полиция межеден асқан тәртіпсіздік салдарынан көз жасаурататын газ пайдалануға мәжбүр болған, кейіннен жиналған топты тарқату үшін су шашқан.
Very unfortunately, the pillaging of shops around the Champs-Elysées has led to riot police intervening. The greatest tragedy when a small number detract from something so beautiful such as the events of today. pic.twitter.com/eCmEcq0pZI
— Get French Football News (@GFFN) July 15, 2018
France Info таратқан ақпарға сәйкес, Лионда да полиция өздеріне қарсы бос қалбырлар атқан жанкүйерлерге көз жасаурататын газ пайдалануға мәжбүр болған. Кейіннен оқиға орнына өртенген қалбырлардағы отты сөндіру үшін өрт қызметі шақырылған.
Марселде полиция қолдануға тыйым салынған түтін снарядтары мен петардтың іске қосылуын тоқтатқан. Осы себепті, жеті адам тұтқынға алынған.
2018 жылдың шілдесінде Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтті. Франция құрамасы қарсыласы Хорватия құрамасын жеңіп, осымен әлем чемпионаты тарихында екі дүркін чемпион атанды. Жексенбі Мәскеудің “Лужники” алаңында өткен тартысты ойын 4:2 есебімен тәмамдалып, Франция құрамасының есебіне шешілді.
Сафина Саид