Елордада көмір тапшылығы байқалмайды

0
97

Осы күнге дейін елордаға 46,7 мың тонна көмір жеткізілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы.

«1 қыркүйек 11 қазан аралығында Астана қаласына 50 мың тоннаға тақау көмір жеткізілді. Қаламызға көмір әртүрлі кен орындарынан жеткізілуде – «Майкөбе», «Қаражара», «Богатырь», «Сарадыр» және «Шұбаркөл». Тұрғындар арасында «Шұбаркөл» көміріне сұраныс жоғары», – деп атап өтті Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева.

Рысгүл Қауғабаеваның айтуынша, Астана қаласында көмір тапшылығы жоқ.

«Қазіргі күні кен орнынан артылған 7 мың тонна көмірдің 5 600 таннасы Астанаға жеткізілді. Және де осы екі күн ішінде тағы 5 мың тонна көмір жеткізіледі. Күн сайын тек осы «Шұбаркөл» көмір түрінен қалаға 1,5 мың тонна жеткізілетін болады», – деп түйіндеді Рысгүл Қауғабаева.

Атап өтерлігі, қала бойынша көмір сататын 15 орын бар. Оның ішінде 7-і ірі сатылым орындары.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз