ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштері жаттығуы Қазақстанда өтеді

0
73

«Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының келесі кезеңі «Мызғымас бауырластық-2017» қазанның 16-20- аралығында «Іле» полигонында өтеді деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал  13 қазанда Армения Республикасының үш полигонында ҰҚШҰ ҰЖДК жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының кезеңдерінің бірі  «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуының белсенді фазасы өтті. Негізгі іс-қимыл Ереван қаласының маңында орналасқан «Баграмян» полигонында өрістетілді. Сонымен қатар Ресей Федерациясының арнайы мақсаттағы бөлімшесінің күшімен лаңкестерді жою және кепілге алынғандарды босату жөнінде операция өткізілді. Ал тактикалық әуе десанты Беларусь пен Қазақстанның әскери контингенттері құрамында белгіленген ауданда маңызды шепке орналасып, заңсыз қарулы құралымдардың шегінуін оқшаулады.

«Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы – бұл әскерлеріміздің жауынгерлік шеберлігін, коалициялық топтама құрамында жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау біліктілігін шыңдау, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам», – дейді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша үздік қатысушылар медальдармен, мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

 Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз