Катар мемлекеті Түркияға қаржылай көмектеседі

0
338

Катар мемлекеті Түркияның экономикалық ахуалына демеу ретінде қаржы бөледі. Екі елдің президенті кездесіп, Катардың түріктерге 15 миллиард доллар бөлетіні туралы келісім жасады.

Сарапшылар “бұл Түркияны қаржылық дағдарыстан құтқарады”, дегенді алға тартады. Соңғы 10 күн ішінде Түркияның экономикасы қиын жағдайды бастан кешірді. Мамандардың айтуынша,  жыл басынан бері ұлттық валютаның құны 40 пайызға төмендеген. Мәселенің ушығуына ресми Анкара мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы себеп.

Айта кету керек, 10 тамызда АҚШ тарапы Түркияға алюминий мен болатқа баж салығын 20 пайыздан 50 пайызға көтерді. Дәл сол күні Режеп Тайып Ердоған доллардан бас тартып, АҚШ-тан электронды тауарлар сатып алмауға бекінді. АҚШ-тан әкелінетін кейбір тауарларға салынатын баж салығы да қымбаттады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз