Жаңа АҚШ санкциялары рубльді құлдыратты

0
57
дереккөзден

22 тамызда Мәскеу биржасында еуро саудасының бағамы осы жылдың 11 сәуірінен кейін алғаш рет 79 рубльден асты. Доллар 2018 жылдың 13 тамызынан кейін алғаш рет 68 рубльден жоғары сатылды.

“Ведомости” басылымы таратқан ақпарға сәйкес, Ресей валютасы АҚШ-тың салатын санкциялары салдарынан құлдырауда. Ресейге қарсы Американың кезекті шектеу шаралары шамамен 22 тамызда енуі керек еді. Вашингтонның аталған шектеу шараларын енгізуге Мәскеудің Британиядағы Солсбери қаласында уланған Басты барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдің жайына  мүмкін қатысы бар деген себеп түрткі болды.

Аталаған санкциялардың бірінші пакеті АҚШ-тан Ресейге ұлттық қауіпсіздік тұрғысында қолданылатын тауаларды шектеуді көздейді.

АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті санкциялары 2018 жылдың қарашасында енеді деп күтілуде. АҚШ билігі егер Ресей химиялық және биологиялық қару-жарақтарды қолданбауға кепілдік бермесе, АҚШ санкция салады деп сес көрсетуде. Өз кезегінде, РФ президенті В. Путин аталған санкциялардың мәнсіз екендігін алға тартты деп жазады Euronews.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз