Ер мен әйел екі тілде сөйлесетін елді-мекен

0
102

Оңтүстік Нигерияның Убанг аймағында ер мен әйел қауымы екі бөлек тілде сөйлеседі. Бұл ерекшелікті тұрғындар мәдениетті жаю үшін туристер тартуда маңызды екендігін айтады.

Мысалы әйелдер картоп сөзін “irui” десе, ерлер “itong” деп атайды. Ерлер “аяқ киімді” “ekwawhe” деп атаса, әйелдер қауымы “ekwaabah” дейді. Нәзік жандылар “кесе” сөзін айтқанда “ogbala” десе, ерлер “nkoh” сөзін қолданады.

BBC ақпаратына сүйенсек мұндағы балалар 10 жасына дейін жаппай әйел (female) тілін меңгереді. 10 жастан асқан соң ғана әр бала өз жынысының тіліне байланысты сөйлеседі. Егер ер бала бола тұра әйел тілінде сөйлессе халық әлгі баланы деліқұлы деп есептейді.

Убанг халқы өз тілі мен мәдениетіне дән риза. Сондай-ақ олар Убанды туристік орталыққа айналдыруды қалайды. Бұл елді-мекен халқының тілі мен мәдениетінің кең таралуына септігін тигізбек. “Егер бұл халықтың тілі өлетін болса, Убанг жұрты да жоқ деген сөз”, – дейді аймақ әкімі Оливер Ибанг.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз