Франция билігі 2019 жылы ел бюджетінің қысқаратынын мәлім етті. Елдегі бірқатар шенеуніктер қызметінен босатылады, әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы индексациясы тоқтатылады. Бұл туралы Journal du dimanche басылымына берген сұхбаты барысында Франция премьер-министрі Эдуар Филипп мәлімдеді.
Үкімет басшысы сөз барысында ешқандай әлеуметтік жәрдемақы қысқармайтынын бірақ, олардың өсімі инфляцияға шаққанда өспейтінін атап өтті. Мәселен, зейнетақы, отбасыға төленетін жәрдемақы, тұрғын үйге берілетін көмек 2019 және 2020 жылдары 0,3 %-ға өседі, ал 2018 жылғы инфляция 1,6 % құрайды.
Бұдан өзге ел билігі жұмыссыздыққа байланысты төленетін жәрдемақының да қысқаратынын хабарлады. Жұмыспен қамтылған азаматтарға төленетін емханалық көмек те қысқарады.
2019 жылы Франция билігі 4,5 мың , ал 2020 жылы тағы 10 мың мемлекеттік қызметкерді қызметінен босатпақ. Келесі жылы қаржы министрлігі мен қоғамдық радиохабар тарату саласында қысқарту шарасы қарқынды жүреді деп хабарланады.
Атап өтерлігі, өзінің сайлауалды кампаниясында президент Эммануель Макрон елдің мемлекеттік аппараты құрылымын жолға қою үшін алдағы бес жылда 50 мың мемлекеттік қызметкерді қықсартатынын мәлімдеген еді.