Жылдың үздік смартфондары

0
106
дереккөзден

Business Insider порталының сарапшы мамандары 2018 жылы шығарылған ең үздік смартфондар тізбесін атады.

Мақала авторларының пікірінше, осы жылы жарық көрген әрі құнды смартфондар қатарына Қытайда шығарылған OnePlus 6 маркалы смартфоны енді.

дереккөзден

Аталған смартфонның басты ерекшеліктері – өте сапалы камера, Qualcomm Snapdragon 845 процессоры, 6 гигабайт операциялық жады. Мамандар сондай-ақ, гаджетке жылдам қуат алатын аккумулятор орнатылғанын да мәлім етті. Құрылғыға бұдан өзге  Oxygen OS (Android нұсқасының) атауындағы ерекше нұсқа орнатылған.

дереккөзден

Сарапшылар сондай-ақ, Samsung компаниясының жаңа өнімі Galaxy Note 9 назар аударған. 6,4 дюймді OLED дисплейлі смартфонның камерасының сапалылығы, қарқынды аккумуляторы бары айтылады. Құрылғының жады 512 гигабайтқа дейін жетеді.

дереккөзден

Үздік смартфондар қатарының бестігіне корей компаниясының өнімінің бірі Samsung Galaxy S9 енген. Сарапшылардың пікірінше, аталған смартфон ең әдемі деп танылған.

дереккөзден

Портал фаворитіне айналған смартфон қатарына LG G7 Thinq енді. Смартфонның өзіне тән ерекшелігіне мамандар 6,1 дюймді дисплейін, ылғалдан қорғағыштығын, сапалы динамигін, өте кең объективті камерасын, Qualcomm Snapdragon 845 процессоры мен сымсыз аккумуляторын атады.

дереккөзден

Тағы жаңа ерекше смартфондар қатарын толықтырған Motorola өнімінің Moto G6 смартфоны. Сарапшылар аталған гаджеттың 5,7 дюймді  дисплейі мен қарқынды аккумуляторын, сапалы камерасын жоғары бағалады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз