Қырғызстан елордасында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі өтіп жатыр. Жиынға Түркітілдес елдердің Сыртқы істер министрлері келді. Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та жиынға қатысуда.
Отырыста ел президенттері қол қоятын күн тәртібіндегі мәселелердің құжаттары талқыланды. Бұл құжаттарға мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды.
Кездесу қорытындысы бойынша, 2012 жылы Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерінің бастамасымен құрылған Түркі академиясы және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бірқатар келісімдері мен құжаттарына қол қойылды. ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай аталған құжаттар жаңа түрік институттарының ұйымдастырумен қаржылық қызметін реттейді және олардың түркі әлемінің мемлекеттері мен халықтарының игілігі үшін одан әрі жемісті жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің арнайы шешімімен Мажарстан Түркі академиясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Еске сала кетейік, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Әзербайжанның Нахчыван қаласында құрылған болатын.