Қазақстан ауған әйелдерінің құқығы мен мүмкіндігін кеңейтуге ат салысуда

0
140

5 қыркүйек Астанада “Ауғанстан әйелдерінің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту” аймақтық конференциясы өтті. Ауған әйелдерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, ауған әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы тұрақты экономикалық өсім қалыптастыру, аймақтық ынтымақтастық арқылы экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, Ауғанстан әйелдерінің мүмкіндігін кеңейту үшін білім берудің рөлі атаулы тақырыптарды қамтыған конференцияға Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінің делегация өкілдері қатысты.

Г. Әбдіқалықовадан ұсыныс

Конференцияны ашқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова гендерлік теңдік, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту тұрақты дамудың алғышарты екенін атап өтті. Сөз сөйлеу барысында Г. Әбдіқалықова  мемлекеттерден жоғары деңгейлі делегацияның келгенін есепке ала отырып, Орталық Азия мен Ауғанстаннан қызығушылық танытқан белсенді әйелдер тобын құру қаралатынын алға тартты. Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы аймақтық өзара қарым-қатынас негізінде халықаралық бизнестің қолдауымен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы ұсыныс білдірді.

Конференцияның ашылу салтанатында мәлімдеме жасаған Қ. Әбдірахманов Ауғанстанның қызығушылығын дамыту БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан үшін басымдық екенін атап өтті.

Т. Карман мәлімдеме жасауда
Т. Нарбаева
А. Өмірбекова
Д. Назари
Н. Герман

Сондай-ақ, конференция барысында жаһандық Нобель жүлдесінің иегері, құқық қорғаушы, журналист, Йеменнен келген Т. Карман, Өзбекстан Республикасы әйелдер Комитетінің төрағасы Т. Нарбаева, Қырғызстан Республикасының вице-премьер-министрі А. Өмірбекова, Ауғанстан әйелдер ісі бойынша министр Д. Назари, БҰҰ Бас хатшылығы Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, Орталық Азия алдын алу дипломатиясы Аймақтық орталығының жетекшісі Н. Герман мәлімдеме жасап, ауған әйелдерінің құқығын қорғап, мүмкіндіктерін кеңейту тұрғысында, сонымен қатар өз мемлекеттері аумағында әйелдер мүмкіндігі мен құқықтары турасында ой қозғады.

Ауған әйелдерінің жұмыссыздығы басты мәселе

Атап өтерлігі, Ауғанстан Ғылыми өндірістік бірлестігі ұсынған баяндамаға сәйкес, Ауғанстанда әйелдердің еңбекпен қамтылмауы басты мәселелердің бірі. Жұмыссыздық көрсеткіші әлемдегі еңбекпен қамтылмау көрсеткішінің жоғары шегінің бірі – 35 % құрайды. Ал ауған әйелдері арасында сауаттылық деңгейі 12 % құрайды.

деректі фильм кадрынан көрініс

Жиын аясында ҚР Тұңғыш президенті Елбасы атындағы қор тарапынан ауған әйелдеріне қатысты деректі фильм көрсетілді.

Атап өтерлігі, Қазақстан осы жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Ауғанстанға жасаған сапарын ұйымдастырды. Қазақстан Ауғанстанмен коммерциялық жүктер транзиті, энергетика, көлік және теміржол құрылысы, пайдалы қазбаларды пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамытып келеді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен Ауғанстаннан келген студенттердің елдегі жергілікті ЖОО-да білім алуларына жағдай жасалып, бұл үшін 50 млн доллар бөлінді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз