Сүлейменов Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға ықпалы турасында

0
71
дереккөзден

Егер АҚШ саясаты әлдеқайда қатаң жүргізілетін болса, мәселен ресейлік банктердің активтерінің бұғатталуы, онда санкция салқыны ел экономикасына мейлінше сезіледі. Қазіргі уақытта Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер ықпалының бірнеше арналары бар – инвестициялық, сауда және бағамдық (курс), деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 7 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында.

Аталған арналардың Қазақстандағы жекелеген кәсіпорындарға ықпалының алдын алу мақсатында министрлік Ұлттық банк және мемлекеттік органдармен бірлескен жоспар құрды, дейді Сүлейменов.

Сондай-ақ, министр Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстан экономикасына тікелей залал тигізбегенін алға тартты. Сүлейменов халықтың кей бөлігі және кей салалар теңгенің ауытқуы салдарынан ұтса, кей салалар мен халықтың кей бөлігі керісінше, жеңіліс тауып жатқандығын атап өтті. Сондықтан, жалпы ықпал әзірге – бейтарап.

“Аталған санкцияларды Ресей Федерациясына қатысты санкциялар деп қабылдайықшы”

Министрдің сөзінше, егер санкцияларға қатысты қатаң шаралар қолға алынатын болса, яғни ресейлік Мемлекеттік банктің активтері бұғатталатын жағдай орын алса, әрі Ресей Феерациясының мемлекеттік қарыздарына қатысты тағы да санкциялар салынатын болса, онда теңгенің бағамы арқылы әлдеқайда күрделі салдар сезіледі.

Бұдан өзге Сүлейменов Ресейге қатысты қарашадағы санкциялар пакетінің салынбағанын атап өтті.

Аталған санкциялардың АҚШ сенаторлары тарапынан парламентке енгізілген заң жобалары екенін алға тартқан министр  заңға қай уақытта қол қойылатыны әзірге белгісіз екенін айтты. “Аталған санкцияларды Ресей Федерациясына қатысты санкциялар деп қабылдайықшы. Біз санкциялар тек біздің тарапқа келе жатқандай даурығамыз. Санкциялар бізге тек теңге бағамы арқылы ғана әсер етеді. Санкция ықпалының басты арнасы ол – бағамдық (курс)”, – деп түйіндеді Сүлейменов.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз