Теңге арзан тұрады, бірақ, инфляцияға әсер етпейді – Сүлейменов

0
54

ҚР ұлттық экономика министрлігінің моделіне сәйкес, теңге долларға шаққанда соншалықты арзан болмауы керек. Бұл туралы 7 қыркүйек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, теңгенің құлдырағаны айқын. “Біздің моделімізше, теңгенің құны мұндай болмауы қажет”, – деген Сүлейменов аталған сұрақтың нарыққа да психологиялық ықпалы барын алға тартты.

Сүлейменов жыл соңынан дейін инфляцияның бұған дейінгі көрсеткішінен жоғары болатынын алға тартты. Ал бұған дейін министрлік ресми түрде инфляция дәлізі 5-7 % тұратынын алға тартқан еді.

“8 айдың қорытындысы бойынша инфляция көрсеткіші тура 6 %. Біз жылды 6 %-дық инфляциямен аяқтағымыз келген еді, бірақ, теңгенің құлдырауы салдарынан 6,7-6,8% болатын шығар. Бірақ дәліз сыртынан аспаймыз”, – деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз