Моңғолия президенті өлім жазасын қалпына келтіру туралы сөз қозғады

0
91
ашық дереккөзден алынды

Моңғолия президенті Халтмаагйин Баттулга елде өлім жазасын қолдануды қалпына келтіру қажеттігін айтты және осы мақсат үшін заңгерлер тобын құрды деп хабарлайды жергілікті Monza басылымы.

«Бүгінде моңғол қоғамы өлім жазасын жою үшін жеткілікті тұрғыда дамымаған. Тұлғалар қалыптасып, қоғам тұрақтанған кезде ғана өлім жазасын алып тастау туралы айтуға болады», – деп мәлімдеді Баттулга.

Осыған байланысты мемлекет басшысы Моңғолияда өлім жазасын қалпына келтіруді зерттеу үшін заңгерлердің жұмыс тобын құрды.

Атап өтсек, 2012 жылға дейін Моңғолия жас балаларды зорлау мен аса ауыр қатыгездікпен өлтіру қылмыстарына ең ауыр жаза қолданып келді.

2015 жылдың желтоқсанында Моңғолияның Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясы қабылданды, оған сәйкес өлім жазасы ресми түрде жазалау жүйесінен алынып тасталды.

Елде өлім жазасын қолдану туралы мәліметтер мемлекеттік құпия ретінде қалды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз