АҚШ Сауд Арабиясы мен Ресейді басып озып, әлемде ең ірі мұнай өндіруші мемлекет көшін бастады. Бұл туралы АҚШ-тың энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады “Интерфакс”.
АҚШ-тың энергетика министрлігіне қатысты ақпар тарататын басқарма осы жылдың ақпанында мұнай өндіру көрсеткіші бойынша АҚШ соңғы 20 жылда Сауд Арабиясы мен Ресейді басып озғандығы туралы хабарлайды. Дегенмен, басқарма Ресей және Сауд Арабиясының аталған уақыт аралығындағы мұнай өндіру көрсеткішін жарияламады.
Құрама Шттатарда мұнай өндіру 2011 жылдан бері қарқынды дами бастады. Мұнайдың басым бөлігі Техас пен Нью-Мексико штатының шығыс бөлігінде және Мексика шығанағында өндіріледі.
Сарапшылар Венесуэла мен Иран нарықтан кеткеннен кейін мұнайдың 80 долларға дейін қымбаттайтынын хабарлайды. Жанармайдың қымбаттығы, валютаның құлдырауы әрі сауда қақтығыстары салдарынан мұнайға деген сұраныс төмен қарқында дамиды деп күтілуде.
Сафина Саид