Харуки Мураками Нобель сыйлығынан бас тартты

0
148
дереккөзден

Жапон жазушысы Харуки Мураками әдебиет аталымына балама ретіндегі  Нобель сыйлығынан бас тартты. Жазушы жүлдені ұйымдастырушыларға сыйлыққа үміткерлер қатарынан  есімін алып тастауды сұраған.

Kyoda таратқан ақпарға сәйкес, Х. Муракамидың сыйлықтан өз еркімен бас тартқанын Нобель сыйлығын ұйымдастырушылар хабарлаған. Жапон жазушысы сыйлыққа ұсынылғаны өзі үшін үлкен құрмет екенін,дегенмен қазір автор жаңадан кітап жазып жатқандығын, сол себептен бұқаралық ақпарат құралдарынан алшақ болуды қалайтынын айтып, ұйымдастырушыларға электронды поштамен хат жолдаған.

Швеция жаңа академиясы 2018 жылғы сыйлыққа үміткерлердің тізімін жасақтады. Оған төрт үміткер енген: Харуки Мураками, француз жазушысы Мариз Конде, ағылшын фантасты Нил Гейман және канадалық жазушы Ким Тхюи. Басты үміткер жапондық Х. Мураками болған еді. Жеңімпаздың есімі 12 қазанда белгілі болады.


Атап өтерлігі, Нобель сыйлығына әдебиет аталымы бойынша балама енгізілуі Швед академиясында туындаған даудан. Швед академиясының мүшесі фотограф Жан-Клод Арноны 18 әйел зорлық жасады деп айыптады. Фотограф болса  айыптауларды жоққа шығарды. Даудан кейін академия әдебиет аталымы бойынша сыйлықты 2018 жылы енгізу туралы шешім қабылдаған.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз