Қазақстанда сандық ХҚКО іске қосылады

0
50

Жыл соңына қарай Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді операторлардың көмегінсіз алуға мүмкіндік беретін толыққанды сандық Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастайды деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған Үкімет» басшысы Абылайхан Оспанов деп  хабарлайды tengrinews.kz.

«ХҚКО- ны трансформациялаудағы кезеңдердің бірі – сандық ХҚКО құру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсынудың белсенді қағидатын енгізу. Сандық технологияларды енгізу кезеңінде, ең алдымен, біздің азаматтарымызды порталды қолдануға, барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуға үйрету қажет, сондықтан трансформацияның келесі кезеңі сандық ХҚКО-ға көшу болады. Жылдың соңына қарай пилоттық режимде осындай сандық ХҚКО-ны іске қосамыз», – деп мәлімдеді А. Оспанов елордада өткен семинар барысында.

Жұмысты жеңілдету үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» азаматтар жаңа сандық ХҚКО- ға келіп өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді операторларға жүгінбей-ақ өз бетінше алу үшін ұялы нөмірлерді тағайындау мен электронды-цифрлық қолтаңбалар беру жұмыстарын күшейтіп,   арнайы оқу бейнежазбаларын шығарады деп хабарлайды А. Оспанов.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз