«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қомақты көлемде айыппұл салынды

0
131

Қарағанды облысының металлургиялық комбинаты мен кеніштері иелік ететін ең ірі «АрселорМиттал Теміртау» өнеркәсіптік компаниясына қоршаған ортаға келтірген зияны үшін миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.

Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы талап прокурорлар мен экологтар Теміртау қаласының әкімі хатының негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша берілді.

Тексеріс барысында кәсіпорынның көмір және болат өндіру бөлімшелеріндегі экологиялық талаптардың сақталғандығы анықталды.

Индира Куспаева, Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы: Қоршаған ортаға зиян тигізетін заттардың шамадан тыс шығарылу, аймаққа тасталған зиянды заттар, Қарағанды облысының су қоймаларына қатысты құқық бұзушылықтар орын алған. Бұл мәселелерге қатысты салынған айыппұл мөлшері 1 миллиард 395 миллион теңгені құрады. Бұл соманы мемлекеттік бюджетке толық көлемде жинау туралы шешім қабылданды. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз