Russian Fashion brands Қазақстанда

0
92
дереккөзден

26 қыркүйекте EXPO Астана Конгресс орталығында  ресейлік компаниялардың іскерлік миссиясы және тұсаукесер көрмесі Russian Fashion brands өз жұмысын бастайды.

Бұл күні ресейлік fashion-индустрияның 40-қа жуық көшбасшылары қазақстандық баерлер мен көтерме сатып алушыларға сәнді үрдістер және киім, аяқ киім, аксессуарлар мен тоқыма киім топтамаларын ұсынады. Зиянды өндірістерде қолданылатын заманауи арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жеке топ таныстырады.

Сәнді көрсетілімдер – дефиле және екіжақты кездесулер Астанаға келген ресейлік өндірушілердің мүмкіндіктері мен тауар түрлерін кеңінен және жан-жақты таныстыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдерінің тікелей байланыстар орнатуға, жаңа сенімді жеткізушілерді табуға және отандық тұтынушы нарыққа ұсынылатын өнімнің түрлерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Ресей тарапынан Іскерлік миссияның ұйымдастырушысы – Ресейлік Экспорт орталығы мемлекеттік институты (www. Exportcenter.ru). Іскерлік іс-шараға Қазақстан тарапынан Астана әкімдігі, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС мемлекеттік қолдау көрсетуде. Өз елдерінде шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға ерекше көңіл бөлетін Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мұндай іс-шаралар жеңіл өнеркәсіп саласындағы екіжақты сауда қарым-қатынастарын дамытудың ықпалды механизмі болатынына сенім білдіруде. Қазақстандық тұтынушылар сәнді және сапалы тауарларды қосымша таңдау мүмкіндігін ала отырып, маңызды артықшылықтарға ие болады, ал Russian Fashion Brands іскерлік іс-шарасы кезінде жасалған жаңа өзара тиімді келісімшарттар Қазақстан және Ресей ШОБ кәсіпкерлерінің ұстанымдарын нығайтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз