26 қыркүйек Астанада кезекті Astana Media апталығы басталады. Astana Media Week өткен жылы елордада алғаш рет ұйымдастырылған болатын.
Үш күнге созылатын Astana Media апталығына 2 мыңнан астам қонақ келеді деп жоспарланған. Олардың қатарында Қазақстан мен шет елдердегі медиаиндустрияның 60-қа жуық топ-менеджерлері, 50-ден астам продакшн-компаниялар бар.
26-28 қыркүйек аралығында өткізілетін медиа апталығында контент-маркет көрмелерін, өңірлік БАҚ форумын және Astana Digital Forum ұйымдастыру жоспарланған.
Жиынның күн тәртібінде болашақтағы мамандықтар, медианарықтың дамуы, сауаттылық пен білім берудегі өзекті мәселелер талқыланбақ.
Сонымен бірге, қатысушыларға коммуникациялар, медиа-менеджмент, әлеуметтік желіде жұмыцс істеу бойынша шеберлік сыныптары өтеді. Апталықтың жабылу салтанатында Қазақстандағы үздік баспасөз қызметі жарияланады.
Айта кетейік, 2017 жылдың 4-6 қазанында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан телевидениесі тарихында тұңғыш рет халықаралық Astana Media Week контент-алаңын ұйымдастырған болатын. Оған Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь елінен келген 2 мыңға жуық қонақ қатысты.