Жаңа тағайындаулар

0
121
дереккөзден

Үкіметтің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.  Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

primeminister.kz

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген.

2013–2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының м.а., басшысы, 2014–2015 жылдары — Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.


дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрініңі өкімімен Бисарина Гауһар Манатқызы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бисарина Гауһар 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін “дәрігер-эпидемиолог” мамандығы бойынша тәмамдады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы облысы Көксу аудандық емханасында эпидемиолог дәрігер болып бастаған. Денсаулық сақтау саласында 10 жылдай қызмет атқарып келеді. Түрлі жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында, Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде, соңғы 5жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде еңбек етті.

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз