3 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата бюросы төмендегі мәселелерді басшылыққа алады:
– “2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одпқ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде;
-“Стандарттау туралы” ҚР Заңының жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген толықтыру жөнінде;
-“ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген толықтырулар мен өзгеріс жөнінде;
-“ҚР Үкіметі мен Халықаралық Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралыс келісімді ратификациялау туралы” ҚР Заңының жобасы жөнінде;
-“ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектр субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының жобасы жөнінде;
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінң төрағасы Н. Сабильянов, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі А. Перуашев, Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, Қаржы министрі Ә. Смайылов баяндама жасайды.