Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тегін пәтерлерге қатысты өз пікірін білдірді.
“Мен тағы да барша елдің алдында айтамын. Қазір бізде басқа әлем. Бізде нарықтық экономика. Мемлекет ешкімге тегін пәтер бермейді. Несие я болмаса жеңілдіктер арқылы жәрдемдесуге болады. Тегін пәтерге кезек ешқандай жерде болмауы қажет. Олардың еш пайдасы жоқ, бәрібір ешкім бермейді”, – деді Елбасы.
Бұдан өзге мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары үшін ірі қалаларда жалға берілетін тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажеттігін атап өтті.