Оқушылардың сөмке ауырлығы мәселесі қалай шешіледі?

1
112
ҚР білім және ғылым министрі Е.Сағадиев

9 қазан күні Үкімет үйінде білім берудің маңызды мәселелері талқыланды. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке бірқатар сұрақтар қойып тапсырмалар берді.

«Өзіңіз айтып жүрген оқытудың жаңа мазмұны жөнінде, оқушыларды бағалау мәселесі, электронды журналдар бойынша және де төменгі класстағы балалардың сөмкелерінің салмағы көтеріліп кетті деген секілді көптеген сауал шығып жатыр. Бұған не деп жауап бересіз?» – деді Үкімет басшысы.

“Жаңартылған мазмұн бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білімпаздардың 70 пайызы жаңа бағдарлама бойынша білім алуда. Ата-аналар тарапы да түсіністік танытып жатыр. Тағы бір жыл уақыт болса барлығы реттеледі. Сөмке ауырлығына келер болсақ, биыл тұңғыш рет оқуылқтардың қандай қағаздан жасалуы керек және көлемі бойынша тиісті норма енгіздік. Бұл мәселенің тағы бір шешімі мектепте әр оқушыға артық кітаптарын қоятын орын даярлау”, – деді министр.

Сонымен қатар, министр оқушылар артық кітап қалдыратын орынды сынып ішінде емес мектеп дәлізіне де қоюға болатынын айтып өтті.

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз