Сербия президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды

0
139
PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

9 қазанда Сербия президенті Александр Вучичтың Қазақстанға ресми мемлекеттік сапары басталды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сербия басшысы Александр Вучич Ақордада кездесіп, тар және кең форматта кездесулер өткізеді.

PHOTO: KAZAKNEWS.KZ
PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

Атап өтерлігі, Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынас 1996 жылдың 10 желтоқсанында орнады. Қазіргі ел басшысы Александр Вучич 2017 жылы Астанадағы EXPO халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Бұған дейін А. Вучич премьер-министр лауазымында болған сәтте 2016 жылы Астанаға мемлекеттік сапармен келді.

Сауда-экономикалық қатынастар

Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 16,8 миллион долларды құрады. Сербиядан Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 3,9 миллионды құрады, Қазақстаннан Сербияға 0,2 миллион инвестиция салынған. Қазақстанда құрылыс пен сауда саласында серб капиталы салынатын 20 бірлескен кәсіпорын бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз