Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі басталды

0
252

Астанада 10 қазанда бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі басталды. Діндер көшбасшыларының съезінде ҚР Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз тізгінін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша келген қонақтар мен дін көшбасшыларына съезге келгендері үшін алығысын білдірді.

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезіне қатысу үшін әлемінің 46 елінен 80 делегация өкілдері келді. Дін өкілдері қатарында Әл-Азхардың Бас имамы Шейх Мұхаммед Ахмад ат-Тайеб, Жалпы исламдық ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Әбдірахман бен-Абдолла әл-Заид, қасиетті Иерусалим, барша Палестина, Арабия, Сирия, Иордания, Қасиетті Сион және Галилей Канының қасиетті әрі құрметті Патриархы Феофил ІІІ, Израильдің сефардтық раввины Ицхак Йосеф, Қытай буддистері Ассоциациясы Өкілінің орынбасары Чунь И, Заратуштра мәдени мұрасы Дүниежүзілік Кеңесінің президенті Хоми Буржор Дхалла және т.б бар.

Съезд келесі ауқымдағы тақырыптарды қамтиды:

Бірінші бөлім – “Манифест: әлем ХХІ ғасыр жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде”, екінші бөлім – “Өзгеріп жатқан геосаясаттағы адамзаттың нығаюының жаңа мүмкіндіктері”, үшінші бөлім – “Дін және жаһандану: проблемалар мен жауаптар”, төртінші бөлім – “Діни лидерлер және саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді жеңу жолында”. Съезд жұмысының нәтижесі бойынша қорытынды декларация қабылданады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз