Әли Тұрғанбеков ПСЖ ойыншыларымен кездесті

0
298

Қазақстандық Ник Вуйчич атанып кеткен Әли Тұрғанбеков франциялық «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) командасының атақты футболшыларымен кездесті. Ол бұл туралы өзінің инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Әли дүние есігін қос аяқсыз ашса да өмірге деген құштарлығын, қоршаған ортасына деген махаббаты мен сүйіспеншілігін жоғалтпаған дара бала. Футбол ойнағанды ерекше сүйетін Әли Тұрғанбеков франциялық ПСЖ футбол командасының Неймар, Кавани, Мбаппе сынды ойыншыларымен кездесіп, алаңда доп тебісу мүмкіндігіне ие болды.

Жас футболшы қуанышын «Достар бұл өте керемет сәт болды! Құдіретті Аллаға ризамын! Мен бұл керемет сәтті түсімде де көрмедім, бұл менің ғана емес көптеген балалардың арманы еді. Маған дұғаларым көмектесті деп ойлаймын», – деп жеткізді.

View this post on Instagram

Друзья это просто чудо из чудес! Благодарю Всевышнего! Я и в чудесном сне такого не видел, это мечта многих мальчишек и я это сделал, мне помогли молитвы! А теперь от родителей: Огромная благодарность клубу PSG, которые не отказали и пригласили Алишку, всем игрокам команды PSG. Поездка произошла при поддержке @fondationpsg , @fpp_kz Фонд Первого Президента! А также огромная благодарность Юленька за содействие в получении визы @yaliua_yaliua_ Дорогой @murager_s спасибо Вам за внимание и прогулки по Парижу.Желаем Все Вам, чтобы и Ваши мечты всегда сбывались!!! Всем Алишкиным подписчикам и всем кто радуется за него огромнейшая благодарность, Али считает каждый день подписчиков и читает Ваши комменты, пусть будет больше подписчиков и больше людей, которые бы знали, что есть такой уникальный мальчишка, который дарит позитив и смело идет к мечтам. И всЁ возможно вопреки всему, главное верить в свои мечты! Ведь ВСЁ по воле Всевышнего!

A post shared by Ali_Amir_happy Али Турганбеков (@ali_amir_happy) on

Әли Тұрғанбеков Астанадағы Халықаралық «Нұрорда» мектебінің 4 сынып оқушысы. Аяқ-қолы жоқ, туабітті тетра амелия кеселіне шалдыққан «Қол-аяғым болмаса да, адамзат баласына адаспайтын жол сілтеймін» деп дүйім жұрттың жүрегін жаулаған Ник Вуйчичті кумир тұтқан Әли де бүгінде алға қойған мақсаттары мен өмірлік ұстанымдарын нық сеніммен айта отырып, жас та болса қоғамды өмірді сүюге шақырады.

Әли бұған дейін Ник Вуйчичтің Алматыға сапары барысында онымен кездескен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз