24-26 қазан аралығында Қазақстанда қатты жел және бұрқасын күтілуде

0
106
ашық дереккөзден алынды

Республиканың батысындағы циклон әсерінен солтүстік және батыс аймақтарда жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет.

Жақын үш тәулікте жауын-шашын қарға ұласады. Циклонның жылжу шамасы бойынша және соның әсерінен республиканың солтүстік-шығысына суық атмсофералық фронттармен байланысты, солтүстік, және шығыс облыстарда қатты қар жауады, батыстан 23-28 м/с  ұйытқымалы жел соғады, кейбір жерлерде боран, көктайғақ күтілуде.

Жақын тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығысында, жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр және қар жаууда. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан  3-5º С төмен, оңтүстік аймақтарда нормаға дейін төмендейді.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз