Бақытжан Сағынтаев отандық қаржы секторының өкілдерімен кездесті

0
44

ҚР Премьер Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Алматыға келген бойда, кешке, 23 қазанда Премьер-Министр бірінші кезекте қала әуежайын кешенді жаңғырту жоспарымен танысты деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі екінші деңгейлі банктердің басшыларымен және еліміздің қаржы секторының ірі қатысушыларымен кездесу өткізді.

Қатысушылар кеңес барысында бірқатар аса өзекті тақырыптарды талқылады, солардың ішінде Қазақстан Республикасында электронды сауданы дамытудың 2018–2020 жылдарға арналған Жол картасының жобасын, Зейнетақы қорының және Міндетті медициналық сақтандыру қорының активтерін басқару мәселелерін, сондай-ақ, жеке тұлғаларды цифрлық сәйкестендіру, қор нарығы және цифрландыру жағдайында сақтандыру нарығын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының кеңесі төрағасының м. а. Юлия Якупбаева, «Халық банкінің» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, ForteBank басқарма төрағасы Мағжан Әуезов, «Сбербанк Казахстана» басқарма төрағасы Александр Камалов, «Цеснабанк» басқарма төрағасы Ержан Тәжияқов, «БанкЦентрКредит» басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов, SkyBridgeInvest инвестициялық компаниясының басқарма төрайымы Шолпан Айнабаева, RBK банкінің директорлар кеңесінің мүшесі Әнуар Сайденов, Еуразия банкінің басқарма төрағасы Павел Логинов, сондай-ақ, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығының бас директоры Виталий Веревкин сөз сөйледі.

Атап өтерлігі, ҚР Премьер-Министрінің жұмыс сапары аясында, 24 қазанда, бірқатар шаралар жоспарланған, олардың ішінде, «ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы – 2017: Бірге өркендеуге арналған ашық нарықтар» форумына қатысу, «Атамекен» кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің мүшелерімен шағын және орта бизнесті дамыту туралы кездесу, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен және қаланың көлік жүйесін дамыту жоспарларымен танысу шаралары бар.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз