Қазақстан мен Ресей арасында 4 әуе бағыты ашылады

0
79
Сурет: ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті

Қазақстаннан Ресейге ұшақпен қатынау бағыттарының саны 4-ке көбейді. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасында жариялады. 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы навигация кезеңінде ресейлік «Уральские авиалинии» компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы 4 әуе бағытын ашып, A319, A320, A321 ұшақтарымен қатынауды жоспарлап отыр.

  • Жуковский-Алматы-Жуковский – аптасына 5 рет (2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 29 наурызға дейін 1,2,3,4,5 күні);
  • Санкт-Петербург-Алматы-Санкт-Петербург – аптасына 2 рет (2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 29 наурызға дейін 1,5 күні);
  • Жуковский-Шымкент-Жуковский аптасына 2 рет (2018 жылғы 4-21 желтоқсан аралығында 3,5 күні) және аптасына 5 рет (2018 жылдың 24 желтоқсанынан 2019 жылғы 24 наурызына дейін 1, 3, 5, 6, 7 күні);
  • Санкт-Петербург-Шымкент-Санкт-Петербург – аптасына бір рет (2018 жылдың 23 желтоқсанынан бастап 2019 жылдың 24 наурызына дейін 7 күні).

Бірінші бағыт бойынша «Уральские авиалинии» әуе компаниясы ұшуға рұқсат алды. Қалған бағыттар бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, кейбір кестеге түзетулер енгізілуі мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз