Трамп Хашыкжыны кім өлтіргенін жақын күндері хабарлайды

0
50
дереккөзден

Оқи отырыңыз: Жымысқы операциялар- Хашыкжының өліміне кім кінәлі?

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын күндері Құрама Штаттар саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашыкжының өліміне қатысты “толыққанды баяндама” жасайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Associated Press басылымы хабарлайды.

Трамп нақты детальдар 20 қарашада хабарлануы ықтимал деп мәлімдейді. Ақ үй басшысы баяндамада Хашыкжыны кім өлтіргеніне байланысты толық ақпар болатынын алға тартады. Трамп БАҚ бетінде Орталық барлау қызметінің қорытындысына қатысты таралған ақпарларды тек “ықтимал” деп атады.

Сауд Арабиясы билігін сынға алған The Washington Post басылымының журналист-сарапшысы Жамал Хашыкжы қазан айының басында Стамбұлдағы Сауд Арабиясы елшілігіне бас сұққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Түрік тарабының зерттеуіне сәйкес, журналист елшілікте өлтірілген. Бұған дейін The Washington Post Орталық барлау қызметі Хашкыжының өліміне қатысы барларды айқындады деп хабарлаған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз