Пикассоның 6 жыл бұрын ұрланған картинасы табылды

0
138
“Tête d’Arlequin” by Pablo Picasso

Әйгілі испан-француз суретшісі Пабло Пикассоның 2012 жылы Роттердамның Кунстхал музейінде ұрланған “Арлекиннің басы” атты туындысы 17 қараша күні Румыниядан табылды. 

Румыния елінің Ұйымдасқан қылмыспен және терроризммен күрес басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеуінше, прокурорлар сенбі күні кешкілік Тулча ауданында табылған құны  €800 мың шамасындағы Пикассоның картинасының табылуы оқиғасын  тексеріп жатыр. Картинаны Нидерландының екі азаматы тапқан. Сенбі күні олар бұл құнды дүниені Бухарестегі Голландия елшілігіне жеткізген.

Қазіргі уақытта, туындының түпнұсқалығын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Картина 2012 жылы 16 қазанда өзге де атақты  суретшілердің шығармаларымен бірге  ұрланған. Сарапшылардың бағалауынша, қолды болған туындылардың құны 200 млн еуроға жуық.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз