Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.
Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.