Хельсинкиде басталған келіссөз Аргентинада жалғасады

0
57

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп Аргентинада өтетін “Үлкен жиырмалық” (G20) елдерінің саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін растады.

27 қараша күні АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Трамп пен Путин биыл шілде айында Хельсинкиде кездескенде бастаған келіссөзін жалғастыратынын хабарлады. Болтонның айтуынша, Трамп Ресей президентімен “қауіпсіздік, Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды және қаруды бақылау мәселелерін” талқылайды.

Болтон “Трамп Ресейдің Керчь бұғазында Украина кемелерін тұтқындағаны жөнінде мәселе көтере ме?” деген сұраққа Ақ үйдің ұстанымын бұған дейін БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Никки Хейли білдіргенін айтты. Никки Хейли БҰҰ-да Ресейдің әрекетін сынға алған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Трамп Аргентинада Путиннен басқа Германия канцлері Ангела Меркельмен, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

Азаттық радиосының хабарлауынша, әлемнің қуатты экономикаға ие жиырма елінің басшылары 30 қараша мен 1 желтоқсанда саммитке жиналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз