Мемлекет басшысы 10 қарашада Қазанға барады

0
44
ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келесі жұмада Қазанға баруды жоспарлап отыр деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.

«Қазақстан мен Татарстан арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Айтпақшы, 10 қарашада одан әрі ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесу өткізу үшін мемлекет басшысы Қазанға барады», – деді Әшімбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің және Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының өкілдерімен кездесуінде.

Белгілі болғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен бірге 9 қарашада Челябинскте өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумына қатысады, деп хабарлайды Sputnik.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз