Сириядан қайтып оралған қазақстандықтардың жайы не болады?

0
116
дереккөзден

Оқи отырыңыз: Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген – ҰҚК

Сирия Араб Республикасы аумағынан елге келген қазақстандықтардың тек лаңкестік әрекетке қатысқандары ғана азаматтықтан айырылады, жазаға тартылады. Бұл туралы 10 қаңтарда Сыртқы істер министрлігінде “Жусан” әскер операциясына арналған брифинг барысында ҰҚК департаментінің басшысы, генерал-майор Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді.

PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

“Елге келген 6 ер адам және 1 әйелге қатысты лаңкестік әрекетке қатысты деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соңғы нүктесін сот қояды. Бұл тұсы ескерілген. Аймақтан 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала келді. Қоғамды қайтып келген адамдардан қауіп жоқ па деген сұрақ мазалайды. Сирия, Ирак және Ауғанстандағы әскери қақтығыс бірнеше жыл қатарынан жалғасып келеді, аталған жылдар аралығына ел аумағында көп болмаса да, бірқатар азаматтар қайтарылды. Олардың тек 40 % ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бірқатары бостандыққа шықты. Қалғандарына азаматтық қоғамның көмегімен әсіресе аталған азаматтардың туысқандарына алдын алу шаралары мен оңалту шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл азаматтардан ешқандай қауіп жоқ” – Бақытбек Рахымбердиев.

ҰҚК өкілі Сириядан ел аумағына келгендер өз еріктерімен қайтқылары келгендер, айыптылары Қазақстанда жазаларын өтейді дей отырып, кінәсіздерін азаматтықтан айыру қарастырылмағандығын алға тартты.


6 қаңтарда Құқық қорғау органдары мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің гуманитарлық операциясы нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы, соның ішінде 30 бала Сирия аумағынан эвакуацияланды. Осыған байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасады. Елге қайтарылған 6 ер адам және 1 әйелге қатысты лаңкестік әрекетке қатысуы ықтимал деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз