Қарағанды облысында браконьерлер орман шаруашылығы инспекторының біріне шабуыл жасап, салдарынан олардың біреуі қаза тапты. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.
“13 қаңтарда 2019 жылы шамамен 18 сағатқа созылған “Охотзоопром Өндірістік ұйымы” РМҚК (Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны) инспекторларының рейд шаралары барысында Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында 5 өлі, атылған киік табылды. Ізіне түсу барысында Toyota Land Cruiser маркасындағы екі автокөлік табылды, екеуінің де тіркеу нөмірі болған жоқ, көліктің біреуін тоқтату мүмкін болды. Көлікті тексеру барысында әлдекімдер қарсылық танытқан”, – деп жазады С. Ділдхамет Facebook парақшасында.
Салдарынан бір инспектор сұғылып, тілінген жара алып, жағы сынған, екінші инспектор бас-ми жарақатынан кейін ес-түзсіз жатқан, алайда дәрігерлерге оны құтқару мүмкін болмады.
Төтенше жағдай болған жерге құқық қорғау органдарының жедел тобы аттанды. Қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктілерді іздеуде.
“Охотзоопром Өндірістік ұйымы” РМҚК (Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны)жер және әуе көліктерінің көмегімен жануарлар және өсімдіктерді есепке алу, күзет қызметін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ, күзет, жануарлар әлемін пайдалануда құқық бұзушылықпен күреседі. Ұйымның басты мақсаттарының бірі – құрып бар жатқан жабайы жануарлар мен киіктерді қорғау.
Safina Said