“Қытайдың Қазақстанды жаулап алу ниеті жоқ”

0
141
Суретте Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо/ дереккөзден

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қытай үкіметінің Қазақстан жерін жаулап алу ниетінің жоқтығын айтты.

Baq.kz ақпарына сәйкес, Қытай елшісі Ұлттық мұражайдағы “Көктем мерекесі” атты көрменің ашылу салтанатына қатысты. Сол тұста елші Қытайдың қазақ жерін жаулап алуға қатысты жоспарлары турасында өрбіген ықтимал болжамдардың еш негізі жоқтығын алға тартты.

“Кейбіреулер Қытай Қазақстанды жаулап алу ниетін көздейді, әрі Қазақстан экономикасына қарсы шаралар қолдануда деп жазуда. Мұндай хабарлар болған және бола береді. Мұның бәріне назар аударудың қажеті жоқ. Мұндайды адамдар яки санасыздықтан, яки тапсырыспен жазады. Қытай өзінің мың жылдық тарихында ешқандай мемлекетке алғаш болып соғыс жариялаған жоқ, ешкімнің аумағын басып алған жоқ. Ғасырлар бойы қытайлықтар туыс-туғандармен, көршілермен, қоғаммен бейбіт қатынаста болды. Қазақстан – ҚХР-дың стратегиялық әріптесі, достас ел. Біз мұны бағалаймыз. Бейбіт қатынасты сақтап қалғымыз келеді. Біздің басқа ойымыз жоқ, болуы да мүмкін емес”, – дейді Қытай елшісі.

Чжан Сяо Қазақстан мен Қытайдың қатынасы жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Елші 2019 жылы екі елдің ынтымақтастығында жаңа мүмкіндіктер ашылатындығына сенім білдірді.

 

Safina Ahtay

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз