Алматы қаласында Наурызбай ауданына қарасты Таусамалы шипажайының аумағына жеке меншік компанияға тиесілітікұшақ құлады. Бұл туралы kazakistan.kz сайты хабарлады.
Қалалық Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 17 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша15:59-да Sky Service компаниясына тиесілі Eurocopter 130 UP-EC 038 нөмірлі тікұшақ Боралдайдан Үлкен Алматы аймағына бет алғанда құлаған.
1968 жылы дүниеге келген ұшқыш Валетин Ситов жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Азаматтық Авиация комитеті оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.