Православтардың Шоқыну мерекесі басталды

0
383
Православ христиандары 18-нен 19 қаңтарға қараған түні өз діндерінің шоқыну мерекесін атап өтті. Бұл рәсім Есіл өзенінің бойында өтті.
Әлемнің 145 елінде тойланатын Шоқыну мерекесін буыған аязға қарамастан астаналық православ христиандары Есілдің бойына жиналды.

Шоқыну мерекесін 18 қаңтар кешінен бастап шіркеу қызметкерлері  19 қаңтар таңертең есіл жағалауына барып мейрамды одан әрі жалғап діни наным-сенімге сай судың қасиетін арттырады. Православ христиандары бұл күні “судың емдік қасиеті болады, күнәні жуады” деп сенеді.

Діни мерекеге тойлауға жиналған астаналық Православ христиандарының қарасы көп.
Православ христиандарының шоқыну мерекесі Иса пайғамбар дүниеге келгеннен бері атап өтіледі. Иса пайғамбар дүние есігін ашқаннан кейін 11 күн өте, яғни қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні оны шоқындыратын Иордан өзенінің суы тазарып, қасиет киесі арта түскен деген сенім бүгінге дейін жалғасып келеді.

Арнайы жасалған орындарды жедел-жәрдем қызметкерлері кезекшілік етеді. Маңайда жылынатын орындар жасалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз