Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз бостандыққа шықты

0
66
Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз Махаббат Әбдуалиева. Сурет әлеуметтік желіден алынды.

Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз бостандыққа шықты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство өкілдері қыздың Қазақстан азаматы екенін айтты. Оған алаяқтық дерегі бойынша айып тағылған. 

“Адвокат пен консулдың қолғабыс ету әрекетінен тергеу аяқталғанға дейін ол бостандықта болады”, – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Оның ісі бойынша негізгі сот тыңдауы наурызда өтеді.

Жергілікті CBS NewYork телеарнасының мәліметінше, жақында Нью-Йорк полицейлерінің қазақстандық 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны ұстағаны белгілі болды.

Қазақстандық қыздың адамдарға өзін жылжымайтын мүлік жөніндегі агент ретінде таныстырып, 2018 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында бірнеше адамды тонағаны айтылады.

Ол Facebook желісінде пәтерлер жайлы хабарламалар жариялап, өзін “риэлтормын” деп алдап жүрген. Басылымның мәліметінше, тағы бір ер адам мүлікті жалға беріп, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бірақ ол әлі бостандықта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз