Ауа-райының қолайсыздығынан Шығыс Қазақстан облысында жол-патрульдік полициясы тәулік бойы трассада кезекшілік етуде.
Боран мен жолдың айқын болмауы салдарынан жол жабылған. Бұл туралы “Хабар 24” арнасы хабарлайды.
Бүгін таңертең Алматы жол бойындағы Аршалы мен Үшбиік ауылдары арасындағы Жармын ауданында жол бойында 60 автокөлік қар құрсауында қалған.
Тек бірнеше сағаттан кейін ғана көлік қозғалысын ретке келтіру мүмкін болды. Алматыға барар жолдағы Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус тоқтап қалып, жолаушыларды эвакуациялауға тура келді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қатаң режимде жұмыс істеуде.
“Қазіргі уақытта Қалбатаудан Алматыға дейін республикалық маңызы бар жол торабы жабық. Аталған бағытта 2 экипаж бен 2 қатар тартылған, олар жолға шыққан жүргізушілер мен жолаушыларға ескерту жасайды. Жанармайлы көліктер, жүк көліктері, жолаушылар мінетін автокөліктердің қозғалысы шектелуде”, – деп мәлімдеді жол-патрульдік полициясы батальоны взвод командирі Еркін Саттыбаев.