4 ақпан күні “QAZAQ EPOS” республикалық ағарту жобасы “Тұлпар мініп, ту алған!” байқауы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
“Алпамыс”, “Ер Тарғын”, “Қобыланды батыр” және басқа да эпостарды кеңінен насихаттауды мақсат еткен жоба республика көлемінде 6-10 сынып оқушылары арасында өтеді. Қатысушылар бұл жолы “Қобыланды батыр” жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа оқитын болады.
Байқауға республика бойынша 5 мың мектептен 50 мың оқушы мен 25 мың мұғалім қатысатыны жоспарланған. Әр мектептен 10 оқушыға дейін қатыса алады. Аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерді қамтыған жобаның жүлде қоры да қомақты.
Аудандық кезең: 1-ші орын 150 000 теңге, 2-ші орын 100 000теңге, 3 -ші орын 50000 теңге.
Облыстық кезең: 1-ші орын 1 000 000 теңге, 2-ші орын 600 000 теңге, 3 – ші орын 300 000 теңге.
Негізгі мақсат – 50 мың оқушыға жыр жаттатып Гиннес рекордтар кітабына ену
Баспасөз жиынына Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, “Хабар Агенттігі” АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, “Qazaq Epos” қоғамдық қорының Бас директоры Бақытжан Тұрлыбеков қатысып жоба жөнінде түсіндіріп берді.
Abdimanap KENES