Әнші Гауһар Әлімбекова қолхатпен босатылды

0
196
Әнші Гауһар Әлімбекова

ақпан күні Әнші Гауһар Әлімбекова қолхатпен түрмеден босатылды. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы аудыны сотының баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан эстрадасының өкілдері де әлеуметтік желіде әншінің түрмеден шыққанын жазып жатыр. 

“2019 жылдың 4 ақпанында Алматының Алмалы аудандық соты Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді” деп жазылған соттың мәлімдемесінде.

30 қаңтарда әнші Гауһар Әлімбекова “алаяқтық жасады” делініп алты жылға сотталған еді. Үкімді Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбеков шығарған. Кейін әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда Әлімбекованың президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хаты жарияланған. Хатта әнші “алаяқтарға алданып қалып, опық жегенін” айтқан және президенттен араша сұраған. 

Кейін әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.

Гауһар Әлімбекованың халыққа “Ақмаралым”, “Қыз Сезімі”, “Ақ келін”, “Көктемге хат”, “Жас келін” әндерімен танылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз