Қосшыға қатынайтын жаңа бағдар іске қосылды

0
199

4 ақпан күні Астанада жаңа № 320 автобусының бағдары іске қосылды. Ол “Назарбаев Университеті” аялдамасынан басталады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

“2019 жылдың 4 ақпанынан жаңа қала маңына қатынайтын № 320 бағдар іске қосылады. Осылайша, Қосшы ауылының сол жағы қаланың көлік инфрақұрылымына енгізілетін болады.  Жаңа № 320 автобусы “Назарбаев Университеті” аялдамасынан, Қабанбай батыр даңғылымен “Лесная поляна” тұрғын үй алабына дейін, одан әрі Республика даңғылымен Сүйінбай көшесіне дейін, одан әрі Қосшы ауылының сол жағымен “Муслим” дүкен-кафесіне дейін жүреді”, деп хабарлайды “Астана LRT” компаниясы.  

Кері бағытта №320 бағдар жоғарыда көрсетілген сызбамен қатынайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз