5 ақпанда президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесуде мемлекет басшысына партияның биылғы ақпан айының соңында өтетін XVIII съезіне дайындық барысы туралы баяндалды.
Сонымен қатар, Қазақстан президентіне партияның 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.