Алматыда көпбалалы аналар әкімдікке жиналды

0
68
Фото: "Азаттық"

Оқи отырыңыз: Астанада өрттен қайтыс болған сәбилерді жерледі

Алматыда бірнеше азамат соның ішінде көпбалалы аналар қала әкімдігіне келді. Бір отбасының бес баласы қаза тапқан Астанадағы шағын ауданда болған өрттен кейін әкімдікке жиналған азаматтар көпбалалы аналардың мәселесін көтеріп, мемлекеттің көмегі турасында сөз қозғамақ, деп хабарлайды “Азаттық”.

Сондай-ақ, “Азаттықтың” ақпарына сәйкес, Астана қаласында Конгресс-Холл залында билікке талап қойған ондаған тұрғын қалада өртте қаза болған бес баланың, көпбалалы аналар мәселесін көтерді.

Төртінші ақпанға қараған түні  Астананың Көктал-1 шағын ауданында Шыңғыстау көшесіндегі жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болды. Балаларды жерлеу рәсімі кеше бесінші ақпанда өтті.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз